2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды
мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Москва қ., 2024 ж. 8 қазанда)
ҚР Президентінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 667 Жарлығымен мақұлданды
Қол қойылған күннен бастап 20 күн өткен соң уақытша қолданылады
ҚР 2026 жылғы 14 қазандағы № 5-І Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына (бұдан әрі - Шарт) қатысушы мемлекеттер
трансұлттық қылмысқа қарсы күрес міндеттерін шешу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бап мынадай мазмұндағы «з» тармағымен толықтырылсын:
«з) құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) - қағаз жеткізгіштегі құжаттың сканерлеу (фотосуретке түсіру) құралдары арқылы электрондық нысанға көшірілген көшірмесі.».
5-баптың 2-тармағының «б» тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б) кейін түпнұсқаны жолдай отырып (қажет болған жағдайда), ведомстволық электрондық пошта сервистері арқылы құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) түрінде;».