«Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 8-НҚ нормативтік қаулысы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) болып табылады.
Ұлттық комиссияның төрағасы осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар басшыларының ұсыныстары негізінде Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.