Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 32 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы»» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4560 тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);