(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ПАСПОРТЫНЫҢ, ҚАЗА...

Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес азаматтығы жоқ адам куәлігінің үлгiсі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жол жүру құжатының үлгісі бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.