«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 Қаулысы (2025.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 Қаулысы

(2025.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-07-7.13 хаттамасының 2.13-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 31 тамыздағы

№ 748 қаулысымен

бекітілген

 

 

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған

 кешенді жоспар

 

Кіріспе

 

Ағымдағы жағдайды талдау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.