«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығы
(2021.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 8 желтоқсандағы Бюджеттік кодекстің 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» ___________
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-1-2/66 бұйрығымен бекітілді
«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер