«Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы 15 сессиясының № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 18/4 шешімі

Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы 15 сессиясының № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 18/4 шешімі

 

Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы 15 сессиясының № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26142 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 28 570 906 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша – 22 030 424 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 31 800 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 379 211 мың тенге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 6 129 471 мың теңге;

2) шығындар – 35 505 690 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 21 868 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – - 21 868 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 912 916 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – - 6 912 916 мың теңге.

қарыз түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 220 222 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 133 138 мың теңге.»;

2) келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:

«1-1. 2022 жылға арналған қалалық бюджетте 1 407 960 мың теңге сомасындағы нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару көзделсін.»;

3) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Теміртау қаласы жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 445 100 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.