(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ АУЫР САЛМАҚ...

Осы редакция 2018 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 557 бұйрығына

5-қосымша

 

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының
(шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.25.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.25.01. № 62 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

ХҚО;

Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті берушілер арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.