«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 326 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 274 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 326 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23984 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: