«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 311 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2016 жылғы 22 шілдедегі № 595 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11318 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.