Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы
(2026.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.08. № 218-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 49) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.09. № 280 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.