«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 795 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 795 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9877 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Комитеттің функциялары:

1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;

2) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншiгiнде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар тұлғалармен бiрлесiп, кәсiпорындардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлеу;

3) республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.