Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 149 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;