Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-НҚ бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереженің 19-тармағына сәйкес (№ 9778 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;