«Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-08/579 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 525 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-08/579 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 525 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.