«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 18 наурыздағы № 11-1-4/156 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 18 наурыздағы № 11-1-4/156 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялаудың (бұдан әрі - ротация) тәртібін анықтайды.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.