«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 774 бұйрығы

«Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 774 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6845 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 мамырда № 190-193 (26595) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағида 2017 жылғы 2 тамызға дейін айналымға шығарылған Қазақстан Республикасында меншігінде жеке жылжымалы құрамы бар жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген талаптарға жауап беретін теміржол жылжымалы құрамын жөндеумен айналысатын ұйымдарға қолданылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң басшы Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адам басқарады.»;

7-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.