«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 172 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп - 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - 1-АҚ нысаны);