«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 20 маусымдағы № 209 бұйрығы
(2025.01.01. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «е-Қаржымині» ИААЖ) - субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - СМАЖ) - «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің базалық өлшемшарттарға және «е-Қаржымині» ИААЖ-бен интеграцияланған субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: