«Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 14-НҚ нормативтік қаулысы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 тіркелген, 2015 жылы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат Бірыңғай дерекқорға орналастыру үшін Есеп комитетіне мынадай тәртіппен:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелері және ішкі аудит қызметінің бөлінісінде шоғырландыра отырып осы Қағидалардың 8-тармағы 1), 2) тармақшалары бойынша - ішкі аудит нәтижелері туралы есеп тиісінше бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) және (немесе) алынғаннан (жинақталғаннан) кейін он күн ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағы 3) тармақшасы бойынша - бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он күн ішінде;