1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
2) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне өздеріне белгілі болған төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындағаны туралы хабар беруге;
3) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;
4) азаматтық қорғау бойынша оқудан өтуге;
5) тұрмыста және күнделікті еңбек пен шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;
6) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру бойынша қолдан келген шараларды қабылдауға;
7) өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде оларды сөндірумен тікелей байланысты емес жәрдем көрсетуге;
8) мемлекеттік инспекторлар мен азаматтық қорғау органдарының нұсқамаларын және заңды талаптарын орындауға;
9) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысуға, халықты және объектілерді қорғау құралдарына ұқыпты қарауға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғалар осы баптың 2-тармағына қосымша:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) ұйым әкімшілігіне қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, оқыс оқиғалар туралы дереу хабар беруге, өрттерді байқаған жағдайда бұлар жөнінде өртке қарсы қызметті хабардар етуге;
3) өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлықтан, білімін тексеруден өтуге;
4) аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияларға жәрдем көрсетуге міндетті.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген азаматтық қорғау саласындағы құқықтарды пайдаланады және міндеттілікте болады.
4-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА БАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ
19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару
1. Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы болып табылады.
2. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орталық атқарушы органдарда және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылықты әкімдер жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғанысының тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
6. Мемлекеттің азаматтық қорғаныс бойынша дайындығы қару-жарақтың, әскери техниканың және халық пен объектілерді қорғау құралдарының дамуы ескеріле отырып, күні бұрын бейбіт уақытта жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе соғыс жағдайын енгізуден басталады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) уəкілетті органға жəне оның аумақтық органдарына;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.
Бұл ретте азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның жұмылдыру органдарымен ұйымдық түрде біріктірілуі мүмкін;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.
Уәкілетті органда жəне оның аумақтық органдарында және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.
9. Азаматтық қорғаныс бастықтары:
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын қоспағанда, тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты аумақта эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге;
3) азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тартуға міндетті.
20-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу.
Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу
1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тiршілігін қамтамасыз етуге қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын міндеттердің көлеміне байланысты қалалар үшін мынадай: ерекше, бірінші жəне екінші топтар айқындалады.
Қалаларды топтарға жатқызу мынадай өлшемшарттар бойынша белгіленеді:
1) ерекше топқа астана жатады;
2) бірінші топқа республикалық маңызы бар қалалар жатады;
3) екінші топқа облыстық маңызы бар қалалар жатады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ұйымдар үшін ықтимал төтенше жағдайлардың әлеуетті қауiптілiгiне, әлеуметтiк-экономикалық салдарларының шамасына қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған.
Аса маңызды санатқа аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайлардың туындау қаупiн туғызатын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар жатады.
Санаттандырылған ұйымдарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарларға, өңiрлiк және жергілiктi ауқымдардағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкiн мынадай ұйымдар:
аса маңызды мемлекеттік меншік объектiлері;
өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар және маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар;
уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен және жоюмен, патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен айналысатын ұйымдар;
аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар жатады.
4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстік аумақта орналасқан кезде ол сол санатқа теңестiрiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбені дайындайды, оны тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың азаматтық қорғанысы бастықтары бекітеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары
Әскери қақтығыстар туындаған кезде Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау, нұқсан мен шығынды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныстың мынадай іс-шараларын жүргізеді:
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) күні бұрын:
азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;
қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін, құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру әрі дамыту және оларды пайдалануға әзірлікте ұстап тұру;
азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстап тұру;
қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар қолданылған жағдайда қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын дайындау және халықты оқыту;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу және оның қорын жинақтау, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстау;
азаматтық қорғаныс мүлкін құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;
эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау;
салалар мен ұйымдардың орнықты жұмыс істеуі жөнінде іс-шараларды жоспарлау және орындау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әскери қақтығыстар туындаған кезде:
азаматтық қорғаныс жоспарларын қолданысқа енгізу, қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін іске қосу;
қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қатерi мен қолданылуы туралы құлақтандыру, халыққа іс-қимылдар тәртібі туралы хабар беру;
халықты азаматтық қорғаныстың ең қарапайым жасырын паналары мен қорғаныш құрылыстарында паналату, қажет болған кезде - жеке қорғану құралдарын пайдалану;
жараланғандар мен зақым алғандарға медициналық көмек көрсету;
эвакуациялық іс-шараларды жүргізу;
азаматтық қорғаудың қосымша басқару пункттерін, құлақтандыру жəне байланыс жүйелерін құру;
авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
бұзылған құлақтандыру және байланыс жүйелерін қалпына келтіру;
азаматтық қорғау құралымдарының әзірлігін қалпына келтіру.
5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МҮЛКІ
22-бап. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері және бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы олардың міндеттері
1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) бейбіт уақытта:
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;
жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;
уәкілетті органның қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;
жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;
оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру;
төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, əскери қызметшілері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ азаматтық қорғау құралдарын қорғау;
төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде күзетілетін қарауылдарға, объектілерге, азаматтық қорғаныс əскери бөлімдерінің, уəкілетті органның аумақтық органдарының, оның ведомстволарының, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының үй-жайлары мен құрылысжайларына қарулы шабуылды тойтару;
қорғаныс шептері мен позицияларын құру;
зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;
әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;
эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу;
аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау болып табылады.
2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің шет мемлекеттердің аумақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарында көрсетілген міндеттерді орындау үшін арнаулы мақсаттағы бөлімшелер құрылады.
4. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық персонал алмастыратын лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, уәкілетті органның жалпы саны лимиттері шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.
5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыра өрістету үшін штаттарға және тиесілік нормаларына сәйкес: техника, қару-жарақ, материалдық-техникалық құралдардың запастары құрылады және күтіп-ұсталады.
6. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет режимі мен жұмыс күнінің ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы бұлардың жүргізілу сипатын, ерекшеліктерін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгілейді.
7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қалашықтарының тұрғын үй-жайлары мен басқа да құрылыстары, полигондары, оқу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық-техникалық құралдары мемлекеттік меншік болып табылады. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің санамаланған және бөлінген өзге де мүлкі жедел басқару құқығымен оларға бекітіледі.
23-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғаныс объектiлерiне: қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары, ең қарапайым жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.
Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшiн азаматтық қорғаудың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкiнiң запастары құрылады.
3. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi иеліктен шығаруға жатпайды.
4. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқару үшін қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері құрылады.
5. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың аумағында орналасқан, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.
6. Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-БӨЛІМ. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗ ҰЙЫМЫ, АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Уәкілетті органның авиациясы
Уәкілетті органның авиациясы:
1) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсету бойынша ұшуды;
2) халыққа медициналық көмек көрсету және санитариялық іс-шараларды жүргізу бойынша ұшуды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көлік-жолаушылар ұшуын;
4) зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті төтенше жағдай аймақтарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттерден эвакуациялау бойынша ұшуды;
5) гуманитарлық жүкті төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша ұшуды;
6) республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, халықаралық жобаларға қатысуды;
7) авиациялық техника мен оның құрамдастарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетуді;
8) азаматтық қорғау саласындағы қызметке байланысты жолаушылардың, багаждың, жүктердің және почтаның әуе тасымалын;
9) аэротүсірілім, картографиялық-геодезиялық және авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу бойынша ұшуды;
10) орман шаруашылығына қызмет көрсету бойынша ұшуды;
11) азаматтық қорғау саласындағы құрылыс-монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшуды;
12) вахталық бригадаларды, жабдықты тасымалдау бойынша теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан, мұнай-газ секторының жасанды аралдарынан ұшуды;
13) әуежайлық қызметті жүзеге асыруды;
14) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою үшін далалы, сулы, орманды және таулы жерлерді патрульдеу бойынша ұшуды;
15) өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша ұшуды;
16) байқау және құлақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша ұшуды (бекеттерді қою және оларға қызмет көрсету);
17) далалық экспедиция жұмыстарына қызмет көрсету бойынша ұшуды;
18) электр энергиясын беру желілерін және магистральдық құбырларды зерттеп-қарау бойынша аэровизуальді ұшуды;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) ұшу құрамының кәсіби деңгейін ұстап тұруға және жаңа техниканы меңгеруге арналған жаттығу үшін ұшуды;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
20) төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөніндегі ұшуды орындау үшін олардың тұрақты әзірлігі мақсатында әуе кемелерінің кезекшілігін;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алуды орындайды.
Уәкілетті органның авиациясы уәкілетті органның және оның аумақтық органының өтінімдері бойынша ұшуды орындайды.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
24-1-бап. Уәкілетті органның теңіз ұйымы
1. Уәкілетті органның теңіз ұйымының қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Уәкілетті органның теңіз ұйымы:
уәкілетті органды мұнайдың төгілуі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізеді, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою бойынша жедел іс-қимылдарды жүзеге асырады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнайдың авариялық төгілуінің және қауіпті жүктердің ластауын жоюды жүзеге асырады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
6-тарау. АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ
25-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын құру
1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары кәсіби және ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары болып бөлінеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы-құтқару, жедел-құтқару, суда-құтқару, авиациялық-құтқару қызметтерін және өзге де мамандандырылған қызметтер мен құралымдарды құрады.