«Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 «Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № А-10/232 Қаулысы

Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 «Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № А-10/232 Қаулысы

 

Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8492 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;

2-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

«Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 қаулысына қосымша»;

көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сандықтау ауданының әкімі

Е. Жусупбеков

 

Сандықтау ауданы әкімдігінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.