«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 122 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін он екінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, елу алтыншы, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс бесінші, жетпіс жетінші, сексен екінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыс тоқтатылсын:
1) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 63-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацын тоқтата тұру кезеңін белгілей отырып, осы абзац мынадай редакцияда қолданылады:
1) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жиынтығында тарифті бекіту кезінде, тариф мынадай формула бойынша есептеледі:»;