«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 18 қарашадағы № 602 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
6-1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде көліктік дерекқор мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесі (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеретін өлшеу ауытқуы ескеріледі.