Шахтинск қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 шешімі
(2024.27.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 318/9 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджетітиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 634 846 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 334 764 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 78 861 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 61 041 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 7 160 180 мың теңге;
2) шығындар - 10 520 857 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 129 144 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 129 144 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - - 1 015 155 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 1 015 155 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 1 015 155 мың теңге.
2. 2024-2026 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2024-2026 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік нысаналы трансферттер көлемі 7, 8, 9 қосымшаларға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін