(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІНЕ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ НЫСАНЫ...

Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 3-тармағына БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларда, олардың филиалдары мен өкілдіктерінде жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени құндылық объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген өзен және шағын өлшемді кемелер бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігі бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.