2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджеті туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 22-6 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2023-2025 жылдарға арналған Орал қаласының Деркөл кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 347 949 мың теңге:
салықтық түсімдер - 34 651 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 651 мың теңге;
трансферттер түсімі - 305 647 мың теңге;
2) шығындар - 347 949 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2023 жылға Деркөл кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
3. 2023 жылға Деркөл кентінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 305 647 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын мен қызметтерді тауарлармен өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгіленген тәртіпте пайдаланылады.
5. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.