«Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығы

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығы

 

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

 

Ж. Қасымбек

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.