«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 196 бұйрығы

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 196 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпараттық парақ - ҰБТ-ға немесе КТ-ға қатысуға өтініш беру кезінде ҰБТӨП немесе жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы және ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификатпен бірге, сондай-ақ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы беретін, таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес берілетін парақ. Ақпараттық парақ: мамандықтар тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.

2) базалық жоғары оқу орындары - КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-лар;

3) базалық ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы - КТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;

4) бейіндік пән - тереңдетіліп немесе жоғары деңгейде оқытылатын оқу пәні, оның мазмұны бейіндік білім беру стандарттарына және бірыңғай бейіндік емтихандардың (немесе жоғары деңгейдегі таңдау бойынша бірыңғай емтихандардың) талаптарына сәйкес келеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.