«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 84 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшадағы Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды анықтайды.
Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Кеңес педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарастырады.».