«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 70 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 70 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салықтық түсімдердің талдамалық есебі (салықтар, өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесінде және интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйеде (бұдан әрі - ИСАЖ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті органның кодтары бойынша жүргізіледі.»;

42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және беруі бекітілген нысандарға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«479. Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.