(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛҒА АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ОРНАЛАС...

Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 Қаулысы

(2025.01.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Алға аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г. Ахметоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

Н. Алдияров

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Алға ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

С. Мұқанов

15 наурыз 2019 жыл

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.