«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 қарашадағы № 410 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 қарашадағы № 410 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуге:

1) регламенттерге, зауыттық нұсқаулықтарға, осы Қағидаларға, сондай-ақ басқа да қолданыстағы нормативтік-техникалық қағидаларға сәйкес электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі құжаттармен сәйкес сыртқы электрмен жабдықтау көзінен электр энергиясын беруге және таратуға арналған әуежайдың электр қондырғыларын, жарықпен сигнал беру жабдығы жүйелерін (бұдан әрі - ЖСБЖ), әуеайлақ белгілерін, жер үсті аэронавигациялық оттарын, перронды прожекторлық жарықтандыру жүйелерін, автономды және резервтік электрмен жабдықтау көздерін техникалық пайдалану;

2) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік және жолаушылар нысандарының электр қуаты мен жарықтандыру жабдықтарын, әуежайдың орталық тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларын техникалық пайдалану;

3) электрмен жабдықтаудың сыртқы көзінен алынатын электр энергиясын ұтымды және мақсатқа сай пайдалану;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.