ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z00A9G3, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 64-ғимарат.»;