«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 «Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 334 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 «Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 334 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 87 «Педагогтерді аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бұйрықтың 1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрамда «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерді, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары педагогтерінің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін сараптамалық кеңес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (К.Б. Жұмашев) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (А.Б. Қасымова):

1) «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтердің, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін педагогтердің портфолиосына олардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытуды жүргізу үшін сараптама кеңесінің жұмысын;

2) «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер педагогтерге, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдардың және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырыстарын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.