«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 158 бұйрығы

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 158 бұйрығы

 

«Мәдениет туралы» 2016 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4632 болып тiркелген, 2007 жылғы наурызда-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. «Халықтық» (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.».

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.