«Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 61 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 15 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесі бекітілсін.»;