Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 211 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесінде:
8-тармақ манадай редакцияда жазылсын:
«8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы;».
2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: