«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 51/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 51/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2022 жылғы 16 тамыздағы

№ 51/қе бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11461 болып тіркелген):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.