«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 589 бұйрығы

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 589 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

6-тармақтың 5) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

9-2 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9-2. Өтініш беруші Стандарттың 8-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.