«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 171 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 171 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс.»;

14-тармақта:

3-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;»;

5-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

«Комитеттің құзыреті шегінде шығармашылық сайыстарды (конкурстар, олимпиадалар, фестивальдар, ойындар), көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;»;

15-тармақта:

6) тармақша алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.