«Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/264 шешімі

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/264 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 807 «2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 3-4 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 108 915 506,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 77 864 798,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 5 189 887,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 008,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 25 839 811,9 мың теңге;

2) шығындар - 108 534 822,2мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 680 650,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 5 310 600,3 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 991 250,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 736 673,1 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 744 511,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 7 837,9 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.