(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ӨКІМДЕР...

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 87 Өкімі

 

Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат):

тақырыбындағы «құрамы» деген сөзді «дербес құрамы» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

 

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары,

Қазыханов

Ержан Хозеұлы

 

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі,

Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары,

Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;

 

 

мына:

 

«Исекешев

Әсет Өрентайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі»,

«Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі»

 

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Исекешев

Әсет Өрентайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі»,

«Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

 

 

көрсетілген Кеңестің құрамынан Ж.С.Айтжанова, Ө.Е.Шөкеев, Қ.Б.Саудабаев шығарылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.