«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 266-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6) және 2-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1) креативті индустриялар - жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметі нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;

2-2) креативті индустриялар жұмыскері - кәсіби қызметі креативті қызмет нәтижелерін сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен байланысты жеке тұлға;

2-3) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі - креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін, креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;

2-4) креативті индустриялар субъектісі - креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

2-5) креативті қызмет - шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;

2-6) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогі - Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

2-7) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі - баспасөз архиві) - Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;»;

мынадай мазмұндағы 2-8), 2-9) және 2-10) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-8) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсініктер мен пайымдардың нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;

2-9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогі - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

2-10) Қазақстан Республикасының шетелдегі мәдениет орталықтары - Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын дамыту және тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды білім беру, ғылыми және мәдени әлеуетін пайдаланып жүзеге асыратын ұйымдар;»;

2) 3-бапта:

тақырыптағы және бірінші абзацтағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы «мәдениетті мемлекеттік қолдау.» деген сөздер «мәдениетті және креативті индустрияларды мемлекеттік қолдау,» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақша «мәдени» деген сөзден кейін «және креативті» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 7-бапта:

1-1) тармақша «мәдениет» деген сөзден кейін «және креативті индустриялар» деген сөздермен толықтырылсын;

12) тармақша «қызметтің» деген сөзден кейін «және креативті индустриялардың» деген сөздермен толықтырылсын;

21) тармақша «мәдениет» деген сөзден кейін «және креативті индустриялар» деген сөздермен толықтырылсын;

25) тармақшадағы «мәселелері» деген сөз «және креативті индустриялар мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 35-16) тармақшалармен толықтырылсын:

«33-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімін қалыптас тырады және жүргізеді;

33-2) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

«35-16) мемлекеттік қоса қаржыландыру жағдайында креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тартудың мониторингін жүзеге асырады;»;

4) 8-бапта:

4-1) тармақша «қызметтің» деген сөзден кейін «және креативті индустриялардың» деген сөздермен толықтырылсын;

7) тармақша «мәдениет» деген сөзден кейін «,креативті индустриялар» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 14-7) тармақшамен толықтырылсын:

«14-7) креативті индустриялар саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін-өзі жетілдіру және таланттарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;»;

5) 9-1-бапта:

5-тармақта:

5) тармақшадағы «табынуды» деген сөз «бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді, порнографияны, есірткі заттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақшадағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуы мен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оларды өткізуге міндетті.

Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Әндер, пьесалар, әзіл-сықақ монологтері, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ концерттік және театрландырылған іс-шаралар сценарийлері мәтіндерінің мазмұнында осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген белгілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуы мен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады немесе оларды өткізу тоқтатыла тұрады.»;

6) 10-бапта:

3-тармақта:

бірінші бөлік «қызметкерлер» деген сөзден кейін «мен креативті индустриялар жұмыскерлері» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «шығармашылық» деген сөзден кейін «және креативті» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ «шығармашылық» деген сөзден кейін «және креативті» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 14-бапта:

тақырыптағы «және мәдениет қызметкерінің» деген сөздер «,мәдениет қызметкерінің және креативті индустриялар жұмыскерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Креативті индустриялар жұмыскерінің:

1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің креативті қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттың қорғалуына;

2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;

3) шығармашылық және кәсіптік мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;

4) креативті қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге құқығы бар.»;

3-тармақтағы «және мәдениет қызметкері» деген сөздер «, мәдениет қызметкері және креативті индустриялар жұмыскері» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «спорт құрылысжайларын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 4-бап 11) тармақшасындағы «дамыту болып табылады.» деген сөздер «дамыту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) жастарды креативті қызметке тартуға жәрдемдесу және олардың креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлік қызметін дамыту болып табылады.»;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:

«13-3) жастарды креативті қызметке тарту жөніндегі шараларды, оның ішінде жастардың бастамалары мен жобаларын қолдау арқылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;».

4. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-бапта:

4-тармақтың 3) тармақшасындағы «аннотациясын;» деген сөз «аннотациясын ұсынуы қажет.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

5-тармақтағы «жеті» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Егер фильмнің ұсынылған аннотациясынан осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын сұратады.

Фильмде осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында санамаланған белгілердің болуын анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау үшін сараптама комиссиясы жүргізетін сараптама прокаттауға дейінгі сараптама болып табылады.

Прокаттау куәлігін алу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Сараптама комиссиясы фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқа сын қарайды және фильм ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға ұсынымдар жібереді.

Сараптама комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібін, сондай-ақ сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның құрамын уәкілетті орган айқындайды.»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Фильм туралы, прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.»;

2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті орган фильмдердің осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлері бойынша ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражат көлемін жыл сайын айқындайды.»;

3) 14-1-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы, 4-тармағының 5) тармақшасындағы «болса;» деген сөз тиісінше «болса, жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3-тармағының 6) тармақшасы және 4-тармағының 6) тармақшасы және 5-тармағы алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

          Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 18 ақпан

           № 266-VIII ҚРЗ