«Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 106 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 341/НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 106 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13354 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.