«2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 502 бұйрығы

«2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 502 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларында:

181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«181. Мемлекеттік мекеме мынадай:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен қаражат бөлу;

2) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қаржыландыру көзі өзгерген жағдайларды қоспағанда, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегінде бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде шарт және/немесе қосымша келісім жасасады. Бұл ретте, негізгі шартты тіркеусіз Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қосымша келісімдер мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркеуге жатады.

Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінімге осы Қағидалардың 207-тармағына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған шарт бойынша төленген міндеттемелердің сомасы қосымша көрсетілетін түсіндірме жазба қоса беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.