(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖ...

2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешімі

(2024.03.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024.03.04. № 153 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 133 002 817 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 87 960 434 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 891 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 43 223 479 мың теңге;

2) шығындар - 151 887 040,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 254 321 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 778 670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 19 296 605,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 19 296 605,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 9 208 900 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 699 091 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 786 796,9 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.