Жергілікті маңызы бар «Сазды» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 206 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы және Алға ауданы аумақтарында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 1 147 гектар «Сазды» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі - Қаумал) құрылсын.
2. Қаумал «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.