Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешімі
(2022.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы мәслихатының 2020.13.03. № 481 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қостанай облысы мәслихатының 2021.09.07. № 74 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары;
2) осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 «Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Ахметов |
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________В. Нечитайло
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті»