«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 414 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 414 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 278 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.